425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Трамп вакцина жасаушыларға айып тақты

  • 90
Трамп вакцина жасаушыларға айып тақты Профиль

АҚШ президенті Дональд Трамп сайлау кезінде вакцина жасаушылар өзіне қарсы шығып, өзара сөз байласты деп айыптады.

Ақ үй басшысының айтуынша, фармацевтикалық компаниялар дауыс беру басталғанға дейін сынақтардың сәтті өткенін әдейі кешіктірген. Әйтпесе, президенттік сайлау барысында жеңіске жету мүмкіндігім күрт артатын еді дейді Трамп. 

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Сайлауалды науқан кезінде ірі фармацевтикалық компаниялар маған қарсы теріс жарнаманы іске қосты. Pfizer мен басқа мекемелер сайлау біткенше вакцинаның барын жасырып қалды. Өйткені дәрі-дәрмек бағасын төмендету туралы саясатым оларға ұнамайды.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тағы президенттік сайлау қарашаның үшінде өтті. Жеңімпаз ресми түрде әлі жарияланған жоқ, бірақ сайлаушылардың алдын ала дауыстары бойынша демократ Джо Байден көш бастап тұр. Айтуынша, ол жеңіске жеткен. Алайда қазіргі президент мұнымен келіспейді. Трамп бірнеше рет сайлау кезінде заңбұзушылықтардың орын алғанын айтып, сотқа шағымданды.

Хабар 24 телеарнасы