423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Португалияда төтенше жағдай режимі 8 желтоқсанға дейін ұзартылды

  • 51
  • UPD: 20:44, 21.11.2020

Әлемде соңғы 4 аптада вирус жұқтырғандар саны індеттің алғашқы алты айындағы көрсеткіштен көп.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай дерек келтірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі таңда жаһанда вирус жұқтырғандар қатары 58 миллионға тақады. Бұл көрсеткіш күн санап артып барады. Осыған байланысты әлем елдері шектеу шараларын күшейте бастады. Мәселен, Португалияда енгізілген төтенше жағдай режимі тағы 15 күнге ұзартылды. Жағдай жақсармаса, шектеу шаралары созылуы мүмкін.

Марселу Ребелу де Соуза, Португалия президенті:

- Елдегі төтенше жағдай режимін 8 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Біздің есебімізше, ауруханаға жатқызылған науқастардың саны осы айдың соңына дейін ең жоғары деңгейге жетуі мүмкін. Бұл өте алаңдатарлық жайт.

АҚШ-тың Калифорния штатында да осыған ұқсас жағдай. Мұндағы билік вирустың таралуын тежеу үшін штатта коменданттық сағат жариялады. Швецияда да жағдай мәз емес. Елде вирус жұқтыру деректері көбейіп барады. Өткен тәуліктің өзінде қауіпті инфекция 7 мыңнан астам адамнан табылған. Індет елдің бүкіл өңірін шарпыған.

Хабар 24 телеарнасы