422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гонконг COVID-19-дың төртінші толқынына дайындалып жатыр

  • 58
  • UPD: 21:58, 21.11.2020

Гонконг COVID-19-дың төртінші толқынына жол бермеудің қамына кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте қалада вирус жұқтырудың 40-тан астам дерегі тіркелді. 60-сы әлі расталмаған. Бұл туралы жергілікті басылым хабарлады. Жексенбіден бастап Гонконгта жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Ол бес күнге созылады. Осы уақыт аралығында сауық кештерін ұйымдастыруға арналған нысандар жабылады. Ал пабтар мен түнгі клубтарда жанды қойылымдарға тыйым салынады. Ережені бұзғандар бірден жауапқа тартылады. Олар 6500 доллар көлемінде айыппұл арқалап, 6 айға дейін бас бостандығынан айырылады. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қалада науқастар саны артып барады. Ал вирус ошағы әлі анықталмаған.

Хабар 24 телеарнасы