425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыс Еуропада індет жұқтырғандар саны бес миллионнан асты

  • 58
Шығыс Еуропада індет жұқтырғандар саны бес миллионнан асты

Шығыс Еуропада коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Өткен тәулікте Болгария, Польша, Венгрия, Словакия мен Украина секілді елдерде вирус жұқтырудың 82 мыңнан астам дерегі анықталды. Бұдан бөлек күн сайын шамамен 1500-дей кісі бақилық болады екен. Ал Иранда індеттің кеңінен етек жаюына байланысты билік өкілдері қатаң шектеу шараларын енгізді. Бірақ жергілікті жұрт тәртіпке бағынбай жатқан көрінеді. Тегеран көшелерінде адам қарасы қалың. Кафе-бар иелері де мұндай шараға наразы болып отыр.

Манучер Насири, дүкен иесі:

– Біз не істеу керегін білмейміз. Билік дүкендерді 15 күнге жабу керек деп шешті. Ал біз шығынға батып жатырмыз. Бес қызметкерге жалақы төлеу керек. Одан бөлек жалға алып отырған жеріміздің ақысы бар.

Хабар 24 телеарнасы