423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гонконгта COVID-19-дың төртінші толқынына дайындық басталды

  • 73
  • UPD: 08:00, 22.11.2020
Гонконгта COVID-19-дың төртінші толқынына дайындық басталды

Гонконг коронавирустың төртінші толқынына жол бермеудің қамына кірісті.

Өткен тәулікте қалада вирус жұқтырудың 40-тан астам дерегі тіркелді. 60-ы әлі расталмаған. Бұл туралы жергілікті басылым хабарлады. Жексенбіден бастап Гонконгта жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Ол бес күнге созылады. Осы уақыт аралығында сауық кештерін ұйымдастыруға арналған нысандар жабылады. Ал пабтар мен түнгі клубтарда жанды қойылымдарға тыйым салынады. Ережені бұзғандар бірден жауапқа тартылады. Олар 6 жарым мың доллар көлемінде айыппұл арқалап, 6 айға дейін бас бостандығынан айырылады. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қалада науқастар саны артып барады. Ал вирус ошағы әлі анықталмаған.

Хабар 24 телеарнасы