425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

G20 басшылары коронавируспен күрес мәселесін талқылады

  • 94
G20 басшылары коронавируспен күрес мәселесін талқылады

Осы демалыс күндері G20 елдерінің саммиті өтіп жатыр.

Ең ірі әрі бай мемлекеттердің көшбасшылары коронавирусқа қарсы вакциналарды, дәрі-дәрмек пен тестілерді әлем елдеріне тарату жағын талқылауда. Өйткені қазір қандай ел болмасын, індеттен тезірек арылуды қалайтыны түсінікті. Бірақ «Үлкен жиырмалық» коронавирус төңірегіндегі ахуал елдер арасындағы келіспеушіліктерді одан әрі тереңдете түсе ме деп алаңдайды.

Эммануэль Макрон, Франция Президенті:

– Біз тағы бір күреске дайын болуымыз керек. Вирусқа қарсы вакцина нарыққа шығарылған кезде олар бәріне қолжетімді бола ма? Оны тек байлар ғана иемденіп, кедейлер құр қол қалып қоймай ма? Халықаралық үйлестіру жұмыстары ынтымақтастыққа негізделген бе әлде тек қаржылық мүдде мен ұлттық эгоизм алға баса ма? «Адамзаттың ортақ игілігі» ұғымын практикалық шындыққа айналдыратын кез келді.

Айта кетейік, G20 көшбасшыларының жиыны биыл Сауд Арабиясының төрағалығымен онлайн форматта өтіп жатыр. Саммитте ел басшылары вакцинаны бәріне бірдей үлестіру жағын да талқыға салды.

Салман ибн Абдул-Азиз Әл-Сауд, Сауд Арабиясының королі:

– Пандемия дағдарыстарды жеңудің ең оңтайлы жолы халықаралық ынтымақтастық екенін көрсетті. Біз ең осал тұстарға назар аударуымыз керек. Әлемнің барлық еліне қолдау көрсетуіміз қажет.

Хабар 24 телеарнасы