423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде билікке қарсы наразылықтар жүріп жатыр

  • 84
  • UPD: 15:18, 22.11.2020
Израильде билікке қарсы наразылықтар жүріп жатыр

Соңғы күндері әлемнің әр түкпірінде ауқымды наразылық акциялары өтіп жатыр.

Мәселен, Израильдегі демонстрациялардың бірі полициямен қақтығысқа ұласты.

Қала көшелеріне мыңдаған адам шығып, қазіргі премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға қарсылық білдірді. Жұрт саясаткердің ресми резиденциясы алдына жиналып, үкімет басшысының отставкаға кетуін талап етті. Шеру кезінде қамауға алынғандар бар.

 

Колумбияда студенттер Үкіметке наразылық білдірді

Ал Колумбия астанасында жүздеген студент Үкіметке наразылық білдірді. Олар ұлттық университет ғимараты алдынан жүріп өтіп, ел президенті Иван Дуке саясатына қарсы ұрандар айтты. Кейін бұл акция қаланың басқа аудандарында жалғасты.

– Біз мұнда өз құқықтарымыз бен өмірімізді қорғау үшін келдік. Бізде тегін және сапалы білім жоқ. Біз жақсы өмір үшін, ел үшін және бейбітшілік үшін көшеге шықтық.

 

Гватемаладағы шерушілер Парламент ғимаратын өртеп жіберді

Абырой болғанда, ішінде депутаттар болмаған. Ашуға булыққан топты тарату үшін полицейлер шерушілерге көз жасаурататын газ қолданған. Жалпы елдегі наразылық акциясына бас-аяғы 7 мыңдай азамат қатысыпты. Олар биліктің әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруды қысқарту туралы шешіміне қарсы.

 

 

Хабар 24 телеарнасы