422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузияда парламенттік сайлаудың екінші туры өтті

  • 48
  • UPD: 17:56, 22.11.2020
Грузияда парламенттік сайлаудың екінші туры өтті

Саяси дағдарыс пен оппозицияға бойкот. Грузиядағы парламенттік сайлаудың екінші туры осылай өтті.

«Грузин арманы» деп аталатын билеуші партияның атынан ұсынылған үміткерлер елдің 30 округінде де жеңіске жетті. Әрқайсысы 85 проценттен астам дауыс жинаған. Өз кезегінде Оппозиция сайлаудың екінші турына қатысудан бас тартып, оған бойкот жариялады. Дей тұрғанмен «Грузин арманының» қарсыластары 5 пен 12 процент аралығында дейін дауыс алған. Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, екінші тур тыныш әрі заңбұзушылықсыз өткен. Бірақ сайлаушылардың белсенділігі төмен болыпты. Дауыс беруге қатысқандар 26 проценттен сәл асады екен.

Георгий Гахария, Грузия премьер-министрі:

- Сайлау науқаны мейлінше тезірек аяқталуы үшін екінші турда өз таңдауымды жасадым. Пандемия кезінде бірінші турда Грузия сайлаушыларының дауысын алып, сеніміне ие болған барлық саясаткер өзіне жүктелген жауапкершілікті сезінуі керек. Әрине, осы бір саяси процестердің бәрі парламентке өтуі тиіс – бұл ең бастысы. Арамыздағы айырмашылық қаншалықты үлкен болса да, біз диалог жүргізе білуіміз керек. Жауапкершілікті сезініп, бірге жұмыс істеп үйренуге тиіспіз. Бұл – сайлаушылардың қалауы. Және бізге берілген тапсырма. Демократиялық, еуропалық мемлекет осылай құрылады.

Хабар 24 телеарнасы