422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстіккореялықтар бір жылда қанша тонна кимчи жейді?

  • 81
Оңтүстіккореялықтар бір жылда қанша тонна кимчи жейді?

Оңтүстік Кореяда Халықаралық кимчи күні атап өтілді.

Кимчи – елдегі ең танымал ұлттық тағам. Оңтүстік Корея жұртының дастарханында міндетті түрде осы тағам тұрады. Асты дайындау әдетте қараша айының соңында жүреді. Халықаралық кимчи күніне орай Сеулде ашытылған көкөністерден ең дәмді тағамдарды дайындау байқауы өтті. Ас әзірлеу үшін 15 адамнан тұратын он командаға 2 сағат берілді. Бірінші орын үшін жеңімпаз төрт жарым мың доллар алды. Биыл Оңтүстік Кореяда пандемияға байланысты кимчи дайындау бойынша бұқаралық іс-шаралар өткізбеуге шешім қабылданды. Бірақ ғалымдар тұрғындарға ашытылған көкөністерді үйде дайындауды ұсынды. Зерттеулер көрсеткендей, кимчи иммундық жүйені күшейтеді, демек бұл коронавируспен күресте көмектесе алады.

Ли Чон Хён, дүниежүзілік кимчи зерттеу орталығының қызметкері:

– 2019 жылғы деректерге сәйкес Корея кимчиді 82 елге экспорттайды. Бір жылда кәрістер 1 миллион 820 мың тонна кимчи жеп үлгерді.

Чой Хак Чон, дүниежүзілік кимчи зерттеу орталығының бас директоры:

– Зерттеу орталығымыз кимчиді қолдану коронавирус індетін төмендететіні туралы мәліметтерді тіркеді. Зерттеудің оң нәтижелері кимчи құрамында иммунитетті арттыратын және ішектің жұмысын жақсартатын тағамдық талшықтар мен пробиотиктер бар екендігіне негізделген. Кимчи S2 ақуызының суббірліктерінің санын азайтып, індетті азайтуға көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы