425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда бір қала карантинге жабылды

  • 95
  • UPD: 19:04, 22.11.2020
Қытайда бір қала карантинге жабылды

Қытайдың Маньчжоули қаласында 2 адам коронавирус жұқтыруына байланысты шаһар карантинге жабылды.

Бұл туралы жергілікті телеарналардың бірі хабарлады. Қазір қалада тұрғындардың топ болып жиналуына рұқсат жоқ. Мектептер, балабақшалар мен ойын-сауық орындары түгел жабылған. Сонымен қатар теміржол қатынасы да тоқтаған. Сақтық мақсатында жергілікті билік тіпті халықты жаппай тестілеуден өткізуге даярлық жұмыстарын бастап кеткен.

Хабар 24 телеарнасы