424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Билл Гейтс: Адамзат келешекте тағы бір індетпен ұшырасуы мүмкін

  • 378
  • UPD: 09:20, 23.11.2020
Билл Гейтс: Адамзат келешекте тағы бір індетпен ұшырасуы мүмкін фото: cnews.ru

Егер Еуропа елдері коронавируспен күресті күшейтіп, сақтық шараларын жетілдірмесе келесі жылдың басында індеттің екінші толқыны басталуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның арнайы өкілі Дэвид Набарро осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Еуропа елдері жаз кезінде індеттің бірінші толқынын бақылауға алған соң дертке қарсы тұратын қажетті инфрақұрылымды құрмаған. «Мысалы, кеселді жұқтырған адамды дер кезінде анықтап, вирустың таралуын тоқтататын жүйе жоқ», - дейді мамандар.

Ал Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс «адамзат қазіргі жағдайдан сабақ алмаса, келешекте тағы бір кеселмен ұшырасуы мүмкін», дейді. Миллиардер мұндай пікірді коронавирусқа қатысты бағдарламаның біріне қатысқанда білдірді. Оның айтуынша, келесі індет 3 немесе 20 жылдан кейін болуы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы