420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

  • 100
  • UPD: 09:37, 23.11.2020
Түркияда коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Елде бір тәулікте 6 мыңнан астам науқас тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі эпидемологиялық жағдайдың ұшығуына байланысты карантин талаптары күшейіп, демалыс күндері коменданттық сағат жарияланды. Президент Режеп Тайып Ердоғанның сөзінше, халық санитарлық талаптарды орындамаса, қосымша шаралар қабылданады. Айта кеткен жөн, өткен тәулікте Түркияда коронавирустан 139 адам көз жұмды. Індет басталғалы 12 300-ден астам адам ауру құрбаны болды.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Халқымыз сақтық шараларын толық орындаған жағдайда бірнеше аптада эпидемологиялық ахуалды бақылауға аламыз. Әйтпесе, тағы да қосымша шараларды қабылдауға тура келеді.

Хабар 24 телеарнасы