426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай 5G байланыс стандарты бар әлемдегі ең ірі желіні құрды

  • 205
  • UPD: 15:30, 23.11.2020
Қытай 5G байланыс стандарты бар әлемдегі ең ірі желіні құрды

Қытай 5G байланыс стандарты бар әлемдегі ең ірі желіні құра алды.

Орнатылған базалық станциялардың жалпы саны 700 мыңды құрайды. Бұл туралы Қытайдың өнеркәсіп және ақпараттандыру министрінің орынбасары Лю Лехун айтты, деп хабарлады ТАСС.

Оның айтуынша, Қытай орнатқан 5G базалық станцияларының саны бүкіл әлем бойынша шамамен 70% жеткен.

COVID-19 пандемиясы кезінде Қытайда интернет-трафикті тұтынудың жалпы өсімі байқалады, ол 2019 жылдың соңымен салыстырғанда орта есеппен 50% өсті.

Өткен жылдың қазан айының соңынан бастап Қытайдың жетекші ұялы байланыс операторлары халыққа бесінші буын қызметін ұсына бастады. Базалық станциялар саны мен 5G саласында жұмыс істейтін мамандар саны бойынша елдегі жетекші орынды Шанхай иеленеді.

Хабар 24 телеарнасы