432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жылдың үздік музыкалық орындаушысы анықталды

  • 1012
  • UPD: 16:21, 23.11.2020
Жылдың үздік музыкалық орындаушысы анықталды

Америкалық әнші Тейлор Свифт American Music Awards сыйлығының үздік орындаушысы атанды.

Марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте өтті, деп хабарлады CNN.

Свифт сонымен қатар поп-музыка жанрындағы ең танымал әнші атанды. Әнші өзінің мансабында American Music Awards сыйлығының 32 мүсіншесін алған.

Жылдың ең үздік жаңа әншісі атағына 25 жастағы әнші және рэпер Doja Cat (шын аты – Амала Ратна Зандиле Дламини) ие болды.

BTS тобы үздік поп-ұжым және желідегі жанкүйерлері белсенді топ болып танылды. Канадалық Джастин Бибер жылдың ең танымал поп-әншісі атағын алды.

Хабар 24 телеарнасы