420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда белгісіз біреу полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған

  • 79
  • UPD: 16:40, 23.11.2020
Германияда белгісіз біреу полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған DW

Германияның Меккенхайм қаласында белгісіз біреу атыс ашып, полиция қызметкерін жаралады.

Ал қаскөйдің өзі оқиға орнында көз жұмған. Бұл туралы Presse Portal хабарлайды.

Жексенбі күні кешке полицияға жергілікті тұрғындардан көшеде біреудің атыс ұйымдастырғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Ол оқиға орнына жақындаған тәртіп сақшыларына да оқ жаудырып, салдарынан бір полиция қызметкері жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізілген. Ал қылмыскер полицияның оғынан көз жұмған.

Қазір бұл іспен прокуратура мен полиция шұғылданып жатыр. Қаскөйдің не көздегені белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы