Украина президенті Владимир Зеленский коронавирустан толық айыққанын хабарлады.
«Көңіл-күйім сергек, температура 36,6. Тест теріс нәтиже көрсеткеніне қуаныштымын. Қазір жұмыс істеп отырмын», – деп мәлімдеді ол Telegram-да.
9 қарашада Владимир Зеленский мен оның кеңсесінің басшысы Андрей Ермак КВИ жұқтырып, кейіннен ауруханаға түскен болатын. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Зеленскийге саулық тілеген.
23 қараша күнгі мәліметке сай, Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 363 мың адам,а жеткен. Соның 291 мыңы жазылып шықса, 11 адам адам қайтыс болған.