Британиялық дәрі-дәрмек компаниясының вакцинасы Astrazeneca коронавирусқа қарсы ем ретіндегі орташа тиімділігін 70%-ке дәлелдей алды.
Оксфорд университетінің ғалымдары екпенің 2 түрін сынақтан өткізген. Сынама қорытындысы бойынша бірінші вакцина тиімділігін 90%-ке, ал екіншісі 62%-ке дейін көрсеткен. Нәтижесінде орташа тиімділігі 70% деп белгіленді. Сынаққа қатысқан еріктілердің ешбірі қатты ауырмаған және ауруханаға жатпаған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін америкалық Pfizer компаниясы әзірлеген вакцинаның тиімділігі 95% болғаны белгілі болды.