419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ «Ашық кеңістік туралы» келісімшарттан шықты

  • 99
АҚШ «Ашық кеңістік туралы» келісімшарттан шықты

АҚШ Ашық кеңістік туралы халықаралық келісімшарттан шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны Мемлекеттік департамент ресми растады. Жалпы Вашингтон құжаттан шығатыны жайлы бір жыл бұрын ескерткен. Оған Ресейдің келісімді бұзуы себеп. Вашингтон Ресей Калинград аймағында, Грузия шекарасына жақын маңда және ірі әскери оқу-жаттығулар ауданында ұшуға рұқсат бермеді деп отыр. Ал Мәскеу АҚШ-тың келісімшарттан бас тартуы оның мәнін жоғалтатын айтады. Ашық аспан туралы келісімшартқа 1992 жылы қол қойылған. Ол құжатқа қол қойған мемлекеттердің бір-бірінің аумағында әскери емес аппараттармен еркін ұшып, ондағы әскердің орналасуы мен қозғалысы туралы ақпар алуға рұқсат береді.  

Хабар 24 телеарнасы