419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ: Эфиопиялық босқындар саны 200 мыңға жетуі мүмкін

  • 95
БҰҰ: Эфиопиялық босқындар саны 200 мыңға жетуі мүмкін

Эфиопия үкіметі солтүстіктегі Тыграй штатын басып алған бүлікшілерге өз еркімен берілуге 3 күн мұрсат берді.

Бұл туралы африкалық елдің премьер-министрі Абий Ахмед мәлімдеген. Сондай-ақ ол Тыграй аймағының орталығы Мекеле қаласының тұрғындарын көтерілісші топтың басшыларын ұстап, билікке тапсыруды шақырды. Эфиопиядан көршілес Суданға ауған босқындар саны жарты жылда 200 мың адамға жетуі мүмкін. Мұндай болжамды БҰҰ өкілдері жасап отыр. Олардың мәліметі бойынша қазір Тыграйдағы қарулы жанжалдан Судан жаққа қашқандар қатары 35 мыңнан асқан. Естеріңізге сала кетейік, Эфиопия үкіметі мен бүлікшілердің арасындағы текетірес осы айдың басында тұтанған болатын. 3 аптаның ішінде қақтығыстан жүздеген адам қаза тапқан. БҰҰ Судандағы босқындар дағдарысын реттеу үшін 200 млн доллар қажет екенін айтуда.

Сенейет Кахсан, эфиопиялық босқын:

– Мұнда төсек-орын жоқ. Барлық босқын жерде жатады. Бір түйір асқа зәру болып отырмыз. Әбден қажыдық. Бас сауғалап қашқан кезде ештеңе алмай кеттік. Осында келгелі киімізді де ауыстырған жоқпыз. Аш-жалаңаш тозып жүрміз.

Хабар 24 телеарнасы