419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гондураста қос дауылдан қаза тапқандар саны 100-ге жуықтады

  • 134
Гондураста қос дауылдан қаза тапқандар саны 100-ге жуықтады

Гондураста «Эта» мен «Йота» дауылдарынан қаза тапқандар саны жүзге жуықтады.

Ал келген шығын 10 млрд доллардан асуы мүмкін. Жергілікті сарапшылардың болжамы осындай. Мыңдаған тұрғын баспанасыз қалған. Үйінен айырылып, далада қалғандар көпірлер мен эстакадалардың астын паналауға мәжбүр. Оның үстіне табиғи апаттың зардабына ұрынғандар коронавирус кезіндегі талаптарды естен тарс шығарған сыңайлы. Әлеуметтік қашықты сақтап, бетперде тағып жүргендердің саны өте аз.

Жарлин Антонио Лорензо, жергілікті тұрғын:

– Үкімет бізді мүлде керек қылып жатқан жоқ. Тіпті қарапайым дәретхананың өзін орнатпай отыр ғой. Уақытша тігілген шатырлар адамға лық толы, ине шаншар орын жоқ. Азық-түлік мүлде жетіспей жатыр.

Халықаралық «Қызыл крест» ұйымының мәліметі бойынша осы айда соққан қос дауылдан Гондурастан басқа көршілес Никарагуа мен Гватемала елдерін қоса алғанда, жалпы 4 млн 200 мың тұрғын зардап шеккен.

Хабар 24 телеарнасы