Қытай Айға адамсыз ғарыш кемесін ұшырады.
Жаңа құрылғы Айдың бетінен тастардың үлгісін әкеледі. Кейін осы материалдардың негізінде Айдың пайда болуы мен қалыптасуы туралы тұжырымдар жасалмақ. Айта кетерлігі, мұндай ғылыми-ғарыштық талпыныс адамзат тарихында 1970 жылдан кейін бірінші рет іске асып отыр. Бір жағынан, бұл миссия Қытайдың ғарыш саласында алда атқаратын күрделі зерттеулерге дайындығын сынау қадамы болмақ. Зымыран 24 қарашада таңғы сағат 04:00 пен 05:00-тің аралығында ұшырылмақ. Айта кетейік, Қытай Айды 2013 жылдан бері зерттей бастаған еді.