420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда экс-президент Н.Саркозиге қарсы сот басталды

  • 154
  • UPD: 08:09, 24.11.2020
Францияда экс-президент Н.Саркозиге қарсы сот басталды

Францияда елдің бұрынғы президенті Николя Саркозиге қатысты сот басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экс-президентке сыбайлас жемқорлыққа барып, тергеуді жүргізуге кедергі келтірді деген айып тағылып отыр. Нақтырақ айтақанда, іс 2007 жылғы Саркозидің сайлауалды науқанын миллиардер Лиллиан Бетанкурдың қаржыландырумен байланысты болып отыр. 65 жастағы саясаткер өзіне қарсы тергеу туралы мәліметтер алу үшін адвокаты арқылы бір прокурорды сатып алуға тырысқан. 2013 жылы сот оны осы іс бойынша ақтап шығарған. Бірақ өзге істі тексеру барысында оның адвокатпен әңгімесі жазылып, экс-президентке қарсы жаңа айғақтар пайда болған. Егер Саркозидің кінәсі дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 1 миллион еуро айыппұл төлеуі мүмкін.

Айта кетейік, Николя Саркози Францияны 2007-2012 жылдары басқарған.

Хабар 24 телеарнасы