426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде мұнай қымбаттады

  • 214
  • UPD: 08:27, 24.11.2020
Әлемде мұнай қымбаттады

Қыркүйектен бері «Брент» маркалы мұнай бағасы алғаш рет барреліне 46 доллардан асқан.

Лондон биржасында WTI-дың қаңтардағы фьючерсі 43 доллар 23 центке теңесті. Осылайша ай бойы мұнай құны 20% артқан. Бұған АҚШ-та желтоқсан айында коронавирусқа қарсы вакцина салу басталатынын жайлы жаңалықтың таралуы себеп болды. Мұнай бағасының құбылуы валюта нарығына да әсер етеді. Тенгеномика телеграм каналында теңгенің долларға шаққандағы құны күшейіп келе жатқанын байқаған. Оған Тоқсандық салық аптасының басталуы дәлел. Бұл кезеңде әдетте биржалық курс нығая бастайды. Сарапшылар апта ортасында бағам 423 – 424 теңге төңірегінде болатынын болжады.

Хабар 24 телеарнасы