419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде байларға салынатын салық көлемі өседі

  • 144
  • UPD: 08:30, 24.11.2020
Ресейде байларға салынатын салық көлемі өседі

Жаңа заңға президент Владимир Путин қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатқа сәйкес келесі жылдан бастап Ресейде жылдық кірісі 5 миллион рубльден асатын жеке тұлғаға салық 15 процентке көтеріледі. Жаңа салық кодексіне өзге өзгертулер енгізілмеген. Бірақ жоғарғы экономика мектебі елде байларға салық алдағы уақытта да өсірілуі мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейде байларға салық 13 процент көлемінде болған.

Хабар 24 телеарнасы