426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Илон Маск әлемдегі ең бай екінші адам болды

  • 451
  • UPD: 09:42, 24.11.2020
Илон Маск әлемдегі ең бай екінші адам болды

Tesla Inc. және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орынға шықты.

Ол Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтсті басып озды, деп хабарлады Bloomberg.

Осылайша, Масктың байлығы 127,9 миллиард долларға бағаланды. Тек осы жылдың өзінде ол байлығын 100,3 миллиард долларға арттырған. Илон Маск қаңтар айында ең бай адамдар тізімінде 35-ші орында тұрған болатын. Оның байлығының күрт артуына Tesla акциялары құнының өсуі себеп болған.

Сонымен қатар Билл Гейтс сегіз жыл ішінде екінші рет екінші орыннан төмен түсіп отыр. Қазір оның байлығы 127,7 миллиард долларды құрайды.

Бірінші орынды Amazon интернет-компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос алды.

Хабар 24 телеарнасы