419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Ресейде антирекорд орнады

  • 83
  • UPD: 11:01, 24.11.2020

Ресейде соңғы бір күнде 25 мың адам коронавирус жұқтырып, елде жаңа антирекорд орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Індетпен күрес және бақылау бойынша шұғыл штабы хабарлады. Дертті жұқтыру дерегінің көбі Мәскеу, Санкт-Петербург және Мәскеу облысында тіркелген. Алайда орталық билік елде індетке қарсы жаңа шектеулер енгізілмейтінін айтып отыр. Ал аймақтар эпидемиологиялық ахуалға байланысты түрлі шаралар қабылдауда. Жалпы Ресейде вирусты жұқтырғандар саны 2 миллионнан асқан.

Хабар 24 телеарнасы