420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай Айға Chang'e-5 ғарыш кемесін аттандырды

  • 118
  • UPD: 14:49, 24.11.2020

Аппарат жерге ай қатпарының үлгілерін алып келуі тиіс.

Егер сапар сәтті болып жатса, Аспан асты елі елу жылдан бері осы аспан денесінің үлгісін жерге жеткізген ел атанады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытайдың ежелгі құдайларының бірінің атымен Chang'е-5 деп аталған ғарыш кемесі Хайнань аралындағы Вэньчан айлағынан ұшырылды. Ғарыш аппаратын кеңістікке «Чанчжен-5» зымыраны алып шықты. Миссияның басты мақсаты – айдың пайда болуын тереңірек зерттеу үшін аспан денесінің үлгілерін жерге жеткізу.

Пэй Чжаою, Chang'e-5 миссиясының басшысы:

– Айға аттандырылған ғарыш кемесінің екі басты мақсаты бар. Оның бірі ғылыми, екіншісі инженерлік. Біз ай қатпарының үлгілерін жеткізбекпіз. Жоба айды зерттеу технологиялары туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді деп ойлаймын. 

Chang'e-5 айға 8 күннен кейін қонады деп жоспарланып отыр. Осыдан кейін ғарыш аппараты ай бетінде 2 күнге жуық зерттеулер жүргізеді. Егер миссия сәтті аяқталса Қытай соңғы 44 жылда АҚШ пен Кеңестер одағынан кейін ай қатпарының үлгілерін жерге алып келген үшінші мемлекетке айналады.

Пэй Чжаою, Chang'e-5 миссиясының басшысы:

– Бұл сапар алдындағы басты сын-қатер – аппараттың Ай бетіне қонуы мен одан үлгі алуы. Аппараттың айдан ұшып шығып, Жерге оралуы кезінде де қиындықтар тууы ықтимал.

Қытай өткен жылы да айға аппаратын ұшырып, оны арғы бетіне қондырған еді. Ал биыл шілде айында Марсқа тағы бір құрылғысын аттандырды. Бейжің 2022 жылға таман ғарыш станциясын аттандырмақ ниетте.

Авторы: Дәурен Ақашұлы

Хабар 24 телеарнасы