Атлант мұхитында ондаған мигрант құтқарылып, олар Испанияның Гран Канария аралына жеткізілді. Көбінің қауіпті сапардан әлі кеткен.
Үшеуіне тіпті медициналық көмек көрсетілді.
Айта кетейік, соңғы айларда Канар аралдарына барып жатқан босқындар саны өсе түскен. Жыл басынан бері мұнда 17 мыңға жуық мигрант келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда он есеге көп. Осыған байланысты Испания үкіметі заңсыз көші-қон мәселесімен күресті күшейтпек. Бұл істе оған Марокко мен Сенегал елдері көмектеседі.