420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанға «Нивар» дауылы жақындады

  • 85
Үндістанға «Нивар» дауылы жақындады

Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатына «Нивар» дауылы жақындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бенгал шығанағынан соққан дүлей жел аймаққа бүгін-ертең жетіп, қалың жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Теңізде алып толқындар тұратыны ескертілген. Осыған байланысты билік тұрғындарға барынша абай болуға шақырды.

Айта кетейік, Тамилнад штатында 1999 жылы тағы осындай дауыл соғып, 10 мың адам опат болған еді.

Балачандран, Ченнаи метерологиялық департаментінің басшысы:

– Дауыл жағалауға жеткенде сағатына 120 шақырым жылдамдықпен соғуы мүмкін. Теңізде толқын тұратындықтан, балықшыларға қарашаның 25-іне дейін айдынға шықпауға ескертілді. Кей ауданда қалың жаңбыр жауып, тасқын болуы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы