420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«General Motors» 5,9 млн көлігін кері қайтарып алады

  • 91
«General Motors» 5,9 млн көлігін кері қайтарып алады

Қауіпсіздік көпшіктеріндегі ақауларға байланысты америкалық «General Motors» корпорациясы 6 миллиондай көлігін кері қайтарып алатын болды.

Бұл туралы АҚШ-тың қауіпсіздік жөніндегі агенттігі хабарлады. Кері қайтарылуы тиіс көліктер қатарына 2007-2014 жылдары шығарылған жүк көліктері мен джиптер ілікті. Өйткені мамандар дәл осы көліктердің қауіпсіздік көпшіктердің ыстықта жарылып кету қаупі барын анықтаған. Өз кезегінде автоөндіруші компания агенттіктің шешімін орындауға тырысатынын айтып отыр. 

Хабар 24 телеарнасы