419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралияда шетелдік туристер вакцинациядан өтуге міндеттеледі

  • 99
Австралияда шетелдік туристер вакцинациядан өтуге міндеттеледі РИА Новости

Австралияға жол тартқан шетелдік туристер ұшар алдында міндетті түрде вакцинациядан өткені туралы анықтама көрсетуі керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Куонтас әуекомпаниясы болашақта жолаушыларға осындай талап қоймақ. Бұл жайлы аталған мекеменің атқарушы директоры Алан Джойс хабарлады. Оның айтуынша, әрбір жолаушы ұшаққа мінерде екпе қабылдағанын растайтын куәлікті ұсынуы тиіс.

Алан Джойс, «Qantas» компаниясының атқарушы директоры:

– Қазір бұл ережені ішкі рейстерге де енгізу жағын қарастырып жатырмыз. Алайда шетелдік қонақтар мен өзге елге аттанғалы жатқан ел азаматтары үшін бұл ереже міндетті болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы