417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Apple-дің топ-менеджері пара бермек болды деп айыпталуда

  • 137
  • UPD: 16:56, 24.11.2020
Apple-дің топ-менеджері пара бермек болды деп айыпталуда NDTV Gadgets 360

Apple қауіпсіздік қызметінің басшысы Томас Мойер (Thomas Moyer) полицияға пара бермек болды деп айыпталуда.

Бұл әрекетімен ол компанияның бірқатар қызметкерінің заңсыз қару алып жүруіне рұқсат сұраған. Санта-Клара округі (Калифорния) прокурорының мәліметінде осылай делінген.

Мойер полиция басшысына жалпы құны 70 мың доллар болатын 200 iPad ұсынған. Ал адвокаттың айтуынша, топ-менеджер өзіне тағылған кінәні мойындамай, ақталып шығатынына сенімді. Оның сөзіне қарағанда, гаджеттер шынымен де шерифке берілуі керек болған және қаруға да рұқсат сұралған. Бірақ бұл екі әрекетті байланыстыратын ештеңе жоқ, деп келтіреді қорғаушының сөзін CNBC.

Сот отырысы 2021 жылдың қаңтарында өтеді. Мойер темір торға тоғытылуы да әбден мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы