АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден өзінің әкімшілігінде маңызды лауазымдарға ұсынылатын кандидаттарды таныстырды.
Атап айтқанда, олардың арасында болашақ мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі президент кеңесшісі Джейк Салливан бар. Бұл тұлғалар енді қаңтар айында Байден ант берген сәттен кейін қызметіне кіріседі. Айта кетейік, күні кеше қазіргі президент Дональд Трамп билік транзитін бастау туралы шешім қабылдаған болатын. Осыдан кейін Байден Президенттің қауіпсіздік және барлау жөніндегі күнделікті брифингтеріне, сондай-ақ негізгі шенеуніктерге бұйрық беру құқығына ие болды.