419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстандағы орталық базарда екі жарылыс болды

  • 107
Ауғанстандағы орталық базарда екі жарылыс болды

Ауғанстанның Бамиан қаласындағы орталық базарда 2 жарылыс болып, 17 адам қаза тапты.

Тағы 50-ге жуық кісі жарақат алды. Ақпарға қарағанда лаңкестер жолдың шетіне екі магниттік бомба жасырған. Жарылыстың күштілігі соншалық, жақын маңдағы дүкендер мен дәмханалар қирап, бүлінген. Шабуылды әзірге ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Содырлар іздестіріліп жатыр.

Жергілікті тұрғын:

– Наубайханада жұмыс істеп жатқанда қатты жарылыс болып, терезелер шытынап кетті. Сыртқа жүгіріп шығып едім: көлігімнің бүлінгенін көрдім. Содан кейін наубайханаға қайта кірген сәтте екінші жарылысты естідім.

Хабар 24 телеарнасы