419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда дерттен қайтыс болғандар саны артты

  • 110
  • UPD: 10:01, 25.11.2020
Италияда дерттен қайтыс болғандар саны артты

Италияда коронавирустан қайтыс болғандар саны артты.

Соңғы бір тәулікте дерттен 853 науқас көз жұмған. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. Билік вирустың таралуын тоқтату үшін халықты тестілеуден өткізу жұмыстарын күшейтіп жатыр. Мысалы, Рим мен Лацио аймағының тұрғындары енді дәріханаларда жылдам тест тапсыра алады. Айта кетейік, Апеннин түбегінде коронавирусты жұқтырғандар саны 1 млн 400 мыңнан асқан. Дерттен 51 мың 300 адам қайтыс болды.

Элизабет Эверсфилд, Рим қаласының тұрғыны:

– Дәріханаларда экспресс тесттен өтуге болатынын ести сала дереу тексерістен өтуге бел байладым. Себебі бұған дейін өзге тестілеу алаңына барып, ұзақ кезекте тұрған едім. Барлығы жақсы ұйымдастырылған. Өте жылдам әрі арзан.

Хабар 24 телеарнасы