419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция екінші карантиннен шығу жоспарын жариялады

  • 96
  • UPD: 10:01, 25.11.2020
Франция екінші карантиннен шығу жоспарын жариялады

Еуропада коронавирустан қатты зардап шеккен Франция елі індеттің екінші тоқынына төтеп бергендей.

Елде вирустың таралуы бәсеңдеп, ауруханалардағы науқастардың саны азайған. Осыған байланысты президент Эммануэль Макрон карантиннен шығу жоспарын жариялады. Билік елде шектеулерді біртіндеп алуға ниетті. Жаңа жылға дейін алдымен дүкендер мен сауда орталықтары ашылмақ. Бірақ жүріп-тұруға қатысты тыйымдар сақталуы мүмкін. Егер індеттің таралуы тағы бәсеңдесе келесі айдың ортасына таман кинотеатрлар мен мұражайлар жұмысын жалғастырады. Ал студенттер оқу орындарына тек қаңтар айының соңынан бастап орала алады.

Эммануэль Макрон, Франция Президенті:

– Егер елде күніне вирусты жұқтырғандар саны 5 мыңнан азайса, қаңтардың 20-сынан бастап мейрамханалар мен спорт залдарды ашатын боламыз. Өйткені біз індеттің үшінші толқынын болдырмау үшін сақ болуымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы