430,57 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польшада әлемдегі ең терең бассейн салынды

  • 276
  • UPD: 10:49, 25.11.2020
Польшада әлемдегі ең терең бассейн салынды

Польша астанасы Варшава маңында әлемдегі ең терең бассейн салынды, оның тереңдігі – 45 метр.

Бассейнді салуға миллиондаған еуро жұмсалған. Енді ол су астындағы ойын-сауыққа арналған ең терең және ең заманауи орталық атағына үміткер. Өйткені су астындағы сарайда ұзын туннельдер, үңгірлер, тіпті қонақ үй нөмірлері орналасқан.

Аталған бассейнге кіру билеттерін кәсіби сүңгуірлерге де, аквалангты үйренуді жоспарлап жүргендерге де сату жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы