Перу астанасы Лимада медицина қызметкерлері наразылық акциясына шықты.
Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратының алдына жиналған жұрт жалақыны көтеру мен еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Айтуларынша, билік бірнеше ай бұрын жалақыны көтеруге уәде берген. Алайда ол сөз жүзінде қалған көрінеді. Айта кетейік, перулік дәрігерлер айлықтың аздығына байланысты қосымша табыс көзін іздеп жеке клиникаларда жұмыс істеуге мәжбүр.