421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тағы президенттік биліктің өту процесі ресми түрде басталды

  • 126
АҚШ-тағы президенттік биліктің өту процесі ресми түрде басталды

Бүгін АҚШ-тағы президенттік биліктің Дональд Трамптан, сайлауда жеңіске жеткен Джо Байденге өту процесі басталды.

Осы орайда АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден өзінің әкімшілігінде маңызды лауазымдарға ұсынылатын кандидаттарды таныстырды. Бұл туралы АҚШ-тың Федералды қызмет көрсету агенттігінің басшысы Эмили Мюрфи ресми хатында мәлімдеді. Атап айтқанда, олардың арасында болашақ мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі президент кеңесшісі Джейк Салливан бар. Бұл тұлғалар енді қаңтар айында Байден ант берген сәттен кейін қызметіне кіріседі. Айта кетейік, күні кеше қазіргі президент Дональд Трамп билік транзитін бастау туралы шешім қабылдаған болатын. Осыдан кейін Байден Президенттің қауіпсіздік және барлау жөніндегі күнделікті брифингтеріне, сондай-ақ негізгі шенеуніктерге бұйрық беру құқығына ие болды. Мамандардың айтуынша, президенттік биліктің Джо Байденге тез арада өтуі елдегі күннен-күнге ушығып бара жатқан коронавирус жағдайына тікелей әсер етеді.

Джо Байден, АҚШ-тағы президенттік сайлаудың жеңімпазы:

– АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен дамуына жауапты жаңа кабинет мүшелерімен таныс болыңыздар. Бұл азаматтар менің ойға алған мақсаттарымды жүзеге асыруға көмектесетініне сенімдімін. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы лауазымына Антони Блинкенді таңдаймын. Ал Ұлттық қауіпсіздік хатшысы ретінде Алехандро Майоркасты көргім келеді. Бұл – өте жауапты қызмет. Ал Ұлттық барлау қызметінің директоры алғаш рет әйел болады. Ол жұмысты Аврил Хайнес атқарады.

Хабар 24 телеарнасы