АҚШ-тың Калифорния штатында коронавирус диагнозымен аруханаға түскендер қарасы көбейді.
Соңғы екі аптада науқастардың саны 81%-ке өскен. Ал жансақтау бөлімінде 57%-ке артқан. Аймақ билігі алдағы уақытта штатта індеттің таралуы күшейе түсетінін айтып, тұрғындардан бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырып отыр. Еске сала кетейік, АҚШ-та вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 13 млн-ға жуықтады.