424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

SpaceX кеңістікке тағы 60 жер серігін шығарды

  • 187
SpaceX кеңістікке тағы 60 жер серігін шығарды

Америкалық SpaceX компаниясының зымыраны кеңістікке 60 жер серігін алып шықты.

Бұл Starlink ғаламдық интернет жүйесін құру жобасы негізінде жүзеге асырылып отыр. Өткен жылдан бері орбитаға 900-ге жуық жерсерігі шығарылған. SpaceX компаниясы келешекте 12 мың жер серігінен тұратын ғаламдық интернет жүйесін құруды жоспарлап отыр. Ол әлем халқын жердің кез келген түкпірінен кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған. Жүйе биыл АҚШ аумағын, ал келесі жылы бүкіл елді қамтуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы