425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та ардагерлер үйіндегі 27 қария коронавирустан көз жұмды

  • 216
АҚШ-та ардагерлер үйіндегі 27 қария коронавирустан көз жұмды

Осы АҚШ-тың Иллинойс штатындағы ардагерлер үйінде коронавирустан 27 қария көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған мекемеде жалпы саны 200 адам вирус жұқтырған. Бұл – осы қарттар үйінде тұратын және жұмыс істейтіндердің 70 проценті. Мұнда коронавирус алғаш қазан айының аяғында тіркелген. Ол кезде індет бір қызметкер мен бір қариядан ғана анықталған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сю Резин, сенатор:

– Бар болғаны 20 күннің ішінде вирусты жұқтырған 200 жағдай тіркелген. Ковид анықталған адамдар жұмыс істеуге мәжбүр болған. Оқшауланбай, үйінде де жүре берген.

АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар саны 12 миллион 600 мыңға жуықтап қалды. Ал көз жұмғандар – 259 мың 477 адам. Бұл - Джон Хопкинс университетіне қарасты Ғылым және инженерия орталығының мәліметі. Мамандардың айтуынша, америкалықтардың басым бөлігі індетті отбасылық басқосуларда жұқтырған және бұл жолғы ковидтің белгілері көп жағдайда сырт көзге білінбейді.

Хабар 24 телеарнасы