420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пандемияның зардабын тартқан авиакомпаниялар өлместің күнін көріп отыр

  • 572
Пандемияның зардабын тартқан авиакомпаниялар өлместің күнін көріп отыр Интерфакс

Мәселен, Ұлыбританияның ірі әуе тасымалдаушысы «British Airways» бірінші класс жолаушыларына арналған заттарды сатуға мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында ыдыс, тамақ таситын арбалар, көрпелер мен аяқ киімдер бар. Арасында бұған дейін қолданыста болған бұйымдар да, жаңалары да кездеседі. Компания өкілдері қоймаларда көп заттар жиналып қалғанын айтады. Бұйымдарды сатылымға қоюдың тағы бір себебі де осы көрінеді.

Айта кеткен жөн, «British Airways» өкілдері коронавирус кесірінен рейстер саны 90 процентке дейін қысқарғанын мәлімдеді. Осы ретте әуе тасымалдаушы шығындарын азайтудың амалын жасап келеді. Мәселен, шілдеде аукционға 17 суретті сатылымға қойған. Сондай-ақ 13 мың қызметкерін қысқартатынын да мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы