425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жапонияда $10 мың тұратын бетперделер сатыла бастады

  • 331
Жапонияда $10 мың тұратын бетперделер сатыла бастады

Жапонияда құны шамамен 10 мың доллар болатын маскалар сатыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар гауһар тастармен, Сваровски кристалдары және жапондық Акоя інжу моншақтарымен безендірілген. Әрбір қорғаныс құралы қолмен жасалған. Өндірушілердің айтуынша, бұл халықтың көңілін көтеріп, сәнді тауарлар нарығын ынталандыру үшін жасалып отыр. Соған қарамастан әзірге бірде бір бетперде сатылмаған екен. Ең қызығы – бұл әлемдегі ең қымбат маска емес. Оны қытайлық бизнесменнің тапсырысымен израильдік зергерлер жасаған. Алтын және гауһар тастармен безендірілген ол бетперде құны бір жарым миллион долларға бағаланып отыр.

БЛИЦ:

– Мынадай бетпердені сатып алған соң киіміміз де оған сәйкес болу керек. Әйтпесе қарапайым киім киіп алып, бетте қымбат маскамен жүру ыңғайсыз сияқты.

– Әзірге бірде бір масканы сатқан жоқпыз. Бірақ көргендер олардың әдемі екенін айтып, қызығушылық танытып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы