419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус: әлемдегі ахуал

  • 143
  • UPD: 00:22, 26.11.2020

Соңғы аптада әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4 миллион адамға жетті.

Дегенмен дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары инфекцияның таралу қарқыны кей аймақтарда сәл де болса бәсеңдегенін айтады. Мұндай жағдай әсіресе Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде байқалады.

АҚШ-та коронавирус соңғы күндері 160 мың адамнан анықталды. Бір ғана Калифорния штатында коронавирусқа шалдыққандар саны 80 пайызға артқан. Осыған байланысты Лос-Анджелес билігі мейрамханалар мен сыраханларды жауып тастады. Бүгіннен бастап тамақты тек үйге алдыруға болады.

Келли Уолк, даяшы:

– Маған да, отбасыма да өте ауыр соғуда. Себебі жалғыз өзім ғана жұмыс істеймін. Түк табыс таба алмай, нәпақасыз отырмыз.

Коронавирус жұқтырған иорданиялықтар да күрт көбейді. Аз ғана күннің ішінде науқастар қатары 5 мыңға жуықтады. Билік ауруханалардағы орындар санын шұғыл арттырып әлек. Ел астанасы Амманда жаңа аурухана ашылды. Таяуда тағы екеуі іске қосылмақ.

Амджад Аднан, әскери аурухананың басшысы:

– Бұл аурухана 300 адамға арналған. 48 орын жедел ем қабылдауға арналған. Жан сақтау бөлімі де ең қажет құралдармен жасақталады.

Көршілес Ресейде кешеден бері коронавирустан қайтыс болғандар саны 507-ге жетті. 24 мың адам дерт жұқтырған. Олардың көбі – Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысының және Санкт-Петербор тұрғындары.

Авторлары: Ернат Мелсұлы, Әмір Хайдаров

Хабар 24 телеарнасы