424,63 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда коронавирустан көз жұмғандар бойынша жаңа антирекорд тіркелді

  • 193
  • UPD: 09:37, 26.11.2020

Соңғы тәулікте бұл дерттен 410 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індеттің екінші толқыны болған сәуір айында бір күнде ең көп дегенде 315 адам көз жұмған еді. Неміс дәрігерлері дабыл қағып отыр. Өйткені локдаун жарияланғанына қарамастан, коронавирус елде таралып келеді. Осыдан бір ай бұрын жансақтау бөлімдерінде 1100 адам жатса, қазір олардың саны 4 мыңға таяп қалды. Осылай жалғасатын болса, көп ұзамай ауруханаларда бос орын қалмайды. қазірдің өзінде дәрігерлер ауыр хәлдегі науқастарды қабылдау үшін жоспарланған операцияларды өткізбейтін болды. Германия билігі жақын арада вакцина шығатынына үміт артып отыр.

Йенс Шпан, Германия денсаулық сақтау министрі:

- Осы қиын кезеңді еңсереміз деп ойлаймын. Екпе шараларын келесі жылдың басында, бәлкім биылғы жылдың соңында бастап кетуіміз мүмкін. Бірнеше өндірушіге үміт артып отырмыз, өзге фирмалар мен технологиялардан да жаңалық күтеміз. Өйткені қай вакцина тиімдірек болатыны әзірше белгісіз. 

Хабар 24 телеарнасы