420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Болгарияда төтенше жағдай режимі ұзартылды

  • 129
  • UPD: 09:40, 26.11.2020

Болгарияда індеттің таралуын тоқтату үшін елдегі төтенше жағдай режимі қаңтар айының соңына дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қарашаның 27-сінен бастап жартылай қатаң карантин енгізіледі. Шара желтоқсанның аяғына дейін қолданылмақ. Осы уақыт аралығында азық-түлік дүкендерінен өзге сауда орындары жұмысын тоқтатады. Мейрамханалар мен дәмханалар үйге жеткізу жүйесі бойынша қызмет көрсетуге көшеді. 15 адамнан артық қатысатын той-жиындарды өткізу шектеліп, барлық қоғамдық және мәдени іс-шараларға тыйым салынды. Спортзалдар мен фитнес-клубтар да жабылады. Үкімет өз шешімін жарялай салысымен Парламент алдына жүздеген адам жиналып, жаңа шектеулерге наразылық білдірді.

Асен Величков, шеруші:

- Үкімет қазіргі қатаң шектеулердің орнына әлеуметтік арақашықтық пен бетперде тағу сынды шараларды қамтитын жеңіл тыйымдар енгізуіне болар еді. Бірақ билік бүкіл халықты аштыққа душар ететін жолды таңдап отыр. Жаңа шектеулер халықтың әл-ауқатын одан әрі нашарлатады.

Хабар 24 телеарнасы