420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испания халқы масканы келесі жылы да шешпейді

  • 104
  • UPD: 09:52, 26.11.2020

Испания халқына коронавирусқа қарсы вакцина салынғаннан кейін де маска тағу тәртібі қала бермек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл талап 2021 жылдың аяғына дейін күшін жоймайды. Өйткені екпені біреу салдырса, басқасы бас тартуы мүмкін. Бірақ олар бір-бірінен оқшауланбайды. Сол себепті мамандар «қауіпсіздік шаралары жайлы ұмытуға болмайды», дейді. Негізі талап бойынша бетпердені жасы 6-дан асқандардың барлығы тағуы тиіс. Ал, вакцина демекші, келесі жылы ол ең алдымен қарттар үйінің тұрғындары, мүмкіндігі шектеулі жандар мен оларға күтім көрсететін қызметкерлерге салынады. Сосын медициналық қызметкерлер мен басқа да қарт кісілер екпе алады. Сөйтіп, вакцинациялау бағдарламасының бірінші кезеңі 2,5 миллионға жуық испандықты қамтиды.

Сальвадор Илья, Испания денсаулық сақтау министрі:

- Вакцинациялаудың бірінші кезеңінде екпе саны шектеулі болады. Бұл кезең қаңтардан басталып қалуы мүмкін. Ал, бағдарламаның екінші сатысы наурыздан маусымға дейін жалғасады деп отырмыз. Ол кезде вакцина көбейеді. Осыдан кейін басқа топтар үшін үшінші кезең басталады.

Испания – Еуропа бойынша коронавирус өршіп тұрған елдің бірі. Мұнда деректер саны бір жарым миллионнан асады. Эпидемиологиялық ахуал жақсармай тұрғандықтан, билік Роджество мен Жаңа жылды атап өтудің ережесін әзірледі. Оған сәйкес, үйдегі отырысқа жиналған адамдар саны 6-дан аспауы тиіс. Мерекелік күндері де коменданттық сағат жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы