419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралияда Рождество алдында шектеу шаралары жеңілдетіледі

  • 102
  • UPD: 10:01, 26.11.2020

Әлемнің көп елінде коронавирусқа қатысты карантин күшейіп жатқанда Австралияда, керісінше, шектеу шаралары жеңілдетілетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кісі көп шоғырланған Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 1 желтоқсаннан бастап мейрамханалар мен дәмханалардағы адам сыйымдылығы артады. Тұрғындарға үйінде 50 қонаққа дейін қабылдауға рұқсат беріледі. 14 желтоқсаннан кейін қашықтан жұмыс істеу тәртібі алынып тасталады. Өйткені штатта осымен 3 апта коронавирус жұқтыру деректері тіркелмеген. Көрші Виктория штатында да бір айдан бері жағдай көңіл көншітерлік. Билік шектеу шараларын алып тастау арқылы экономиканы қалпына келтіріп, Рождесто алдындағы сауданы ынталандыруды көздеп отыр.

Глэдис Береджиклян, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьер-министрі:

- Бұған дейін үйде 20 адамды қабылдауға болатын. Енді бұл сан 50-ге дейін артады. Бірақ ол үшін сіздің жеке аулаңыз болу керек. Егер ондай орын болмаса, қонақтар саны 30-дан аспағаны жөн. Кәсіпорындар мен компаниялар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, қызметкерлерінің жұмыс орнына шығуын қамтамасыз етуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы