419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Берлинде белгісіз біреу Меркельдің кеңсе қақпасын көлікпен соқты

  • 99
  • UPD: 08:44, 26.11.2020
Берлинде белгісіз біреу Меркельдің кеңсе қақпасын көлікпен соқты

Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельдің кеңсесіне кіретін қақпаны белгісіз біреу көлігімен соқты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көліктің бір жағында «Жаһандану саясатын тоқтатыңдар», ал екінші жағында «Балалар мен қарттарды өлтірушіні айыптаймын» деген немісше жазу болған. Абырой болғанда, оқыс оқиғадан ешкім жарақат алған жоқ. Мемлекет басшысының кеңсе қақпасын соққан жүргізуші қамауға алынды. Полиция әзірге басқа ешқандай ақпарат таратпай отыр.

Хабар 24 телеарнасы